Ресми түрде: Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартты
© Сурет: Instagram/rakhimzhan_yerdenbekov
Жеңілістің дәмін татпаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 0 жеңіліс, 12 нокаут) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартып, келесі салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz басылымының жазуынша, мәліметті Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери растады.
"Жәнібек Әлімханұлы маған өзінің жоғары салмақ дәрежесіне ауысатынын хабарлады. Енді ол екінші орта салмақта өнер көрсетеді. Ал Дензел Бентли толыққанды әлем чемпионы мәртебесіне көтерілді", – деді Оливьери The Ring басылымына берген сұхбатында.
Осылайша, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы жаңа әлем чемпионы британдық Дензел Бентли болды. Бұған дейін ол ұйымның уақытша чемпиондық белбеуіне ие болған еді.
Айта кетейік, "Qazaq Style" лақап атымен танымал Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың көктемінде Астанада өткізіп, Конго өкілі Ануэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген. Ал 3 желтоқсанда оның ағзасынан мельдоний табылып, соның салдарынан тарихи жекпе-жегі өтпей қалды. Одан екі апта өткен соң Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік орта салмақтағы боксшыларының рейтингінен шығарылды.
Бұған дейін Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков допинг дауына қатысты пікір білдіріп, IBF ұйымының Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айыру туралы шешіміне өз бағасын берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:37, 21 шілде 2026
Білім беру гранттары конкурсына қанша талапкер өтініш тапсырды
-
17:21, 21 шілде 2026
Астана тұрғыны әскердегі зорлық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды
-
17:15, 21 шілде 2026
Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасы: ойындарға билетті қалай сатып алуға болады
-
17:11, 21 шілде 2026
Қазақстанда аптап ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +38°С-қа дейін төмендейді
-
16:53, 21 шілде 2026
Көлік полицейлері елге діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті





