Ресейлік теннисші Рыбакинамен ойнаған матчта алған жарақатынан cоң «Ролан Гарросқа» қатыспайтын болды

© Фото: zakon.kz
Ресейлік теннисші Анна Калинская "Ралон Гаррос" турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Бәріңізге сәлем! Өкінішке қарай, Римдегі матчтан кейінгі тексерулерімнің нәтижесі көңіл көншітпейді. Маған бірнеше апта кортқа шығуға болмайды. Өте өкінішті... Жуырда көрісеміз деп үміттенемін", - деп жазды ол.
Еске салайық, Анна Калинская Италияның астанасы Римдегі WTA 1000 турнирінің үшінші раундында Елена Рыбакинамен ойнаған еді. Ресейлік теннисші осы матчта аяғын жарақаттап алды. Ал Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, осы турнирдің жеңімпазы атанды. Ол осы жеңісінен кейін әлемнің 4-ракеткасы атанды.
Айта кетейік, Римдегі турнирде Елена Рыбакинамен ойнаған тағы екі теннисші жарақат алып, турнирден шығып қалды. Оның бірі - әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентек, тағы бірі - украиналық теннисші Ангелина Калинина финалдағы кездесуде екінші сет басталған кезде ойынды жалғастырудан бас тартты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:44, 12 мамыр 2025
«Жаңбыр және аптап ыстық». Синоптиктер еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
21:43, 12 мамыр 2025
«Саусағын кесіп алып, тоңазытқышта сақтаған». Жігітін қинаған бойжеткен полиция назарына ілікті
-
21:22, 12 мамыр 2025
«Бүгінгі таңым, әсте кофе ішуден басталмады». Танымал әншінің үйі өртенді
-
20:50, 12 мамыр 2025
Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары 4 жылға сотталды
-
20:22, 12 мамыр 2025
Жеделсаты ішіндегі шабуыл: жасөспірімге «мәжбүрлеп емдеу» түріндегі жаза тағайындалды