Ресейдің Ростов облысында тергеу изоляторындағы тұтқындар адамдарды кепілге алды

13:40, 16 маусым 2024

© Сурет: Комсомольская правда/Кристина Круговых

16 маусымда Ресейдің Ростов облысында орналасқан тергеу изоляторындағы тұтқындар адамдарды кепілдікке алды. Кепілге алушылар бүгіндері "терроризм" бабы бойынша сотқа тартылып жатқандар болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты РИА Новости дереккөзі растайды. Сондай-ақ тура осындай ақпаратты Telegram-дағы Baza арнасы да таратты. Олардың айтуынша, кепілге алушылар алты адам, оның бесеуінің жеке басы анықталды.

  1. Сайпудинов М. Ш. (РФ ҚК-нің 161-бабы, 2-тармақ, 162-бап );
  2. Цицкиев А. М. (РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлігі);
  3. Каменеев Д. В. (РФ Қылмыстық кодексінің 288- бабының 2-бөлігі);
  4. Гиреев Т. М. (РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы);
  5. Акиев Ш. А. (РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы).

Желідегі мәліметке сүйенсек, Гиреев, Цицкиев және Акиев 2023 жылдың желтоқсанында ДАИШ-қа қатысқаны және террористік актіні дайындағаны үшін сотталған (олар ҚШР Жоғарғы сотының ғимаратына шабуыл жасауды жоспарлаған). Гиреев пен Акиев 18 жылға, ал Цицкиев 18,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Бүгін таңертең Гиреев, Акиев және Цицкиев тергеу изоляторындағы камера терезесінің торын бұзып, кезекші бөлімге баса-көктеп кіріп келді. Олар сол арадағы қызметкерлерді кепілге алды. Алдын ала ақпарат бойынша, қылмыскерлер көлік, қару және изолятордан еш кедергісіз шығу мүмкіндігін талап етеді", – деп жазады Baza.

Осы талапты орындаған жағдайда олар кепілге алынғандарды босатуға дайын. Қазіргі уақытта ОМОН Ростов облысының тергеу изоляторына қарай аттанды. Сондай-ақ, желіде тергеу изольяторы маңынан түсірілген видеолар жариялануда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!