Өскеменде қойма өртеніп, қаланы қалың түтін бөкті

21:07, 24 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

24 маусымда Өскеменде қойма өртеніп, қаланы қалың түтін бөкті. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған аудан 900 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер келген кезде қойма қызыл жалынға оранған.

"Оқиға орнында 40-тан астам өрт сөндіруші мен 12 бірлік техника өртпен алысуда. Қазіргі уақытта оттың таралуын тоқтату мүмкін болды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Бұған дейін ШҚО-да алты орман және 12 дала өрті болғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!