Өтініштерді электронды формада қабылдайтын «Е-Otinish» сайты істемей тұр

21:37, 24 маусым 2024

© Сурет: pixabay

"Е-Otinish" электрондық өтініштер сайтында ақаулар пайда болды. Қазіргі уақытта аталған сайттың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта "Е-Otinish" электрондық өтініштер сайтының қызметтерінің дұрыс істемеуі байқалады.


"Аталған сайттың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру күтілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!