Алматыда баласын тұншықтырып өлтірген жас ана биіктен секіріп кетті

20:03, 24 маусым 2024

© Сурет: pixabay

24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана өз-өзіне қол салып, мерт болды. Алматы облысының полиция департаменті Zakon.kz редакциясына қайғылы оқиғаның кейбір деректерімен бөлісті.

Алдымен әлеуметтік желіде биіктен секірмес бұрын жас келіншектің баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Осы мәліметті анықтау үшін Zakon.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне хабарласты.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары қыз баланың денесін де тапқан.

"Кәмелетке толмағанның өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді полициядан.

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы жас келіншектің қаза тапқанын растап, оның жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырғанын нақтылаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!