Ресейден келетін суды жинайды: Қазақстанның батысында үш жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр
© Фото: primeminister.kz
Батыс Қазақстан облысында Жалпақтал ауылының маңында сыйымдылығы 28 млн текше метр болатын жаңа су қоймасы салынады. Нысан тасқын суын жинап, елді мекендерді су басудан қорғауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
24KZ телеарнасының мәліметінше, өңірде су ресурстарын тиімді басқару үшін ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланған. Негізгі жобалардың бірі – Жалпақтал су қоймасының құрылысы. Бұл бірден екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: ауылдарды көктемгі су тасқынынан қорғайды және Ресейден Қараөзен арқылы келетін суды жазғы суару жұмыстарына пайдалану үшін жинайды.
"Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Құны – 8 млрд 400 млн теңге. Басты мақсат – су қоймасына 28 млн текше метр су жинап, кейін оны ауылдар мен аудандарға жеткізу. Бұл мал азығын өндіру үшін аса маңызды. Қазір министрлік мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді жүргізіп жатыр", – деді БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Дархан Закарин 2026 жылғы 17 қазанда телеарнаға берген сұхбатында.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында Деркөл және Сарыөзен өзендерінде тағы екі су қоймасын салу жоспарланған.
Олардың бірінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр, ал екіншісінің жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізілуде.
Бұған дейін, 2026 жылғы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысындағы Қараөзенде жаңа су қоймасы салынатыны туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:22, 19 қазан 2026
Қазақстанда дәрілер мен вакциналарды тасымалдау және сақтау тәртібіне бақылау күшейтіледі
-
10:08, 19 қазан 2026
Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды
-
09:59, 19 қазан 2026
Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші алты айға көлік басқару құқығынан айырылды
-
09:53, 19 қазан 2026
+25°С-тан -18°С-қа дейін, қар аралас жаңбыр мен боран: Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады
-
09:41, 19 қазан 2026
Ақтауда полицейлер пәтерде қараусыз қалған екі бүлдіршінді құтқарды





