Ресейде танымал қазақстандық рэперге қатысты іс қозғалды
© Сурет: Instagram/biggunwest
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қазақстандық рэпер Руслан Гоминовқа (Ганвест) қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы өзінің Telegram-арнасында "Лига безопасного интернета" қоғамдық ұйымының басшысы Екатерина Мизулина мәлімдеді.
"Санкт-Петербург қаласы бойынша Ресей ІІМ Бас басқармасы орындаушы Ганвестке қатысты бірқатар әндерінде есірткі заттарын тұтынуды насихаттады деген күдікпен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады. Қазіргі уақытта әкімшілік тергеу жүргізілуде, материалдар сараптамаға жолданған. Бұл туралы біздің үндеуімізге берілген ресми жауапта айтылған",- деді ол.
Жарияланған құжатта Ганвестке қатысты арыз 2026 жылдың қаңтар айында түскені айтылған. Психологиялық-лингвистикалық сараптамаға оның "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жарияланған композициялары жіберілген.
Ганвест лақап атымен танымал Руслан Гоминов Ақтау қаласында дүниеге келген. Жасы – 33-те. Ол 2018 жылы "Никотин" әні арқылы кеңінен танылды. 2025 жылдың ортасынан бастап сөйлеу мәнерінде "пэпэ", "шнейне", "фа", "ватафа" секілді түсініксіз дыбыстарды жиі қолдануының арқасында қайтадан танымал бола бастады. Бұл дыбыстар кейбір деректерде Туретт синдромы кезіндегі сөйлеу тиктерін еске салатыны айтылған. Ашық ақпарат көздерінде ол қазақстандық әрі ресейлік рэпер ретінде сипатталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 18 ақпан 2026
Алматы тауларында қарулы ер адам ұсталды
-
17:50, 18 ақпан 2026
Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты
-
17:37, 18 ақпан 2026
2025 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткішінің нақты көлемі аталды
-
17:19, 18 ақпан 2026
Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінде терезеден 12-сынып оқушысы құлады
-
17:19, 18 ақпан 2026
Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінің терезесінен 12-сынып оқушысы құлады





