Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты
© Сурет: pexels
Алматы қаласында кәмелетке толмағанды қоғамға жат әрекеттерге тарту фактісіне байланысты түнгі клубтың қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 18 ақпанда қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру іс-шаралары мен келіп түскен материалдарды зерделеу барысында кәмелетке толмаған азаматтың түнгі ойын-сауық мекемесінде болғаны, сондай-ақ оның құқыққа қайшы әрекеттерге тартылғаны расталды.
"Аталған дерек бойынша қажетті құжаттар мен дәлелдемелер жинақталып, соның негізінде қатаң шаралар қабылданды. Кәмелетке толмағандарды, әсіресе түнгі ойын-сауық орындарында, қоғамға жат әрекеттерге тарту – заңды өрескел бұзу. Мұндай жағдайларға формалды түрде қарауға немесе ескерту жасаумен шектелуге болмайды. Егер кәсіп иесі заң талаптарын елемей, балалардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, мұндай нысанның қызметі тоқтатылады", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Оның сөзінше, полиция бұл бағытта "нөлдік төзімділік" қағидатын ұстанады.
"Мәселе тек кәмелетке толмағандардың белгіленген уақыттан тыс жерде болуында емес. Бұл – қылмыс пен қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін қауіпті ортаның қалыптасуына жол беру. Мұндай салдар үшін мекеме иелері жауап береді", – деп атап өтті спикер.
Қазіргі уақытта түнгі клубтың қызметі тоқтатылды. Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 18 ақпан 2026
Қайтарылған активтер: Астанада элиталы тұрғын үй кешеніндегі тұрақ орыны 5 млн теңгеге сатылды
-
18:38, 18 ақпан 2026
Креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізілді
-
18:34, 18 ақпан 2026
Қызылордада «Халықтық Конституция» – Қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
-
17:57, 18 ақпан 2026
Алматы тауларында қарулы ер адам ұсталды
-
17:37, 18 ақпан 2026
2025 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткішінің нақты көлемі аталды





