Оралда өзгенің атына 700 мың теңгеден астам несие ресімдеген күдікті ұсталды
© Фото: zakon.kz
Орал қаласында алаяқтықтың жаңа дерегі тіркелді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция басқармасына 61 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Тергеу барысында анықталғандай, 28 қаңтарда 1997 жылы туған күдікті қоңырау шалу сылтауымен жәбірленушінің ұялы телефонын сұрап алып, оның сеніміне кірген. Кейін жәбірленушінің атына қашықтан 725 362 теңге көлемінде несие рәсімдеген.
Келтірілген материалдық шығын қарыздың толық сомасын құрады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс материалдарында кінәсін мойындау жауабы мен куәгерлердің айғақтары бар. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Полиция азаматтарға сақ болуды ескертеді. Сенгіштік пен қаржылық міндеттемелерді құжат жүзінде рәсімдемеу елеулі материалдық шығындарға әкелуі мүмкін.
Құқық қорғау органдары тұрғындарға ұялы телефонды бейтаныс адамдарға, тіпті қысқа уақытқа да бермеуді; SMS және банктік қосымшалардан келген растау кодтарын ешкімге хабарламауды; құрылғыларға құпиясөз және биометриялық қорғаныс орнатуды; қарызға ақша бергенде қолхат немесе қарыз шартына отыруды; міндеттемелер құжатпен расталмайынша қаражат аудармауды ұсынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:28, 13 наурыз 2026
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта өтеді
-
22:56, 12 наурыз 2026
Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды
-
22:56, 12 наурыз 2026
Ақтөбеде қоқыстан табылған адамның денесіне қатысты іс қозғалды
-
22:27, 12 наурыз 2026
БҚО-да полиция 1,4 млн теңгенің алаяқтығын әшкереледі
-
21:57, 12 наурыз 2026
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында бақ сынайды





