Қонаевтағы желкенді спорт орталығы әкімдік меншігіне өтті
© Сурет: Қонаев әкімдігі
Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның теңгерімінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, желкенді спорттың оқу-жаттығу орталығы қаланың коммуналдық меншігіне мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің теңгеріміне өтеусіз қабылдап алынды. Теңгерімдік құны – 31 649000 тг. Нысан Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Аумағы – 2 га, нысанның ауданы 380 шаршы метрді құрайды.
"Бүгінде Қонаевта желкенді қайық спорт түрін дамыту көзделуде. Осы мақсатта 2 жол қарастырылуда, бірі – бюджет есебінен нысанды жаңғырту болса, екіншісі – инвесторларды тарту арқылы орталықтың жұмысын жандандырып, ғимаратты жаңалау. Қазіргі таңда инвесторлардан 5 түрлі жоба түсіп, қарастырылуда", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Қала әкімі Асхат Бердіханов мәселелерді талқылау бағытында инвесторлармен, спортпен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті.
"Біздің мақсат – балалардың спортпен шұғылдануына ыңғайлы жағдай жасау. Бұған дейін көңіл бөлінбей қалғаны жасырын емес. Желкенді қайық спорты -Қонаев қаласының айнасы болуға лайық спорт түрлерінің бірі", – деді ол.
Жиын қорытындысында шаһар басшысы осы түйткілді бақылауға алуды әкім аппаратына тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:39, 16 сәуір 2026
Гранттар жете ме? Ғылым және жоғары білім министрлігі балама мүмкіндіктерді түсіндірді
-
11:23, 16 сәуір 2026
Қазақстандықтарға МӘМС жарналарын тексеру туралы жедел ескерту жасалды
-
11:12, 16 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары жарияланды
-
10:59, 16 сәуір 2026
Қазақстанда бірқатар білім беру бағдарламалары қысқартылуы мүмкін – Ғылым және жоғары білім министрлігі
-
10:41, 16 сәуір 2026
ШҚО-да жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды





