Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиынға вице-министрлер, комитет төрағалары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілері және салалық құрылымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды.
Алқа отырысын ашқан Аида Балаева Негізгі заңға енгізілген ауқымды өзгерістерге ерекше тоқталды. Ол ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері алғаш рет конституциялық деңгейде мемлекеттің іргелі даму қағидаттарының қатарына енгізілгенін атап өтті.
Кездесу барысында министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша жаңа тәсілдер мен заманауи даму үрдістері жан-жақты қаралды. Салаларды уақыт талабына және өзекті сын-қатерлерге сай жүйелі жаңғырту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар дамыған мемлекеттердің озық тәжірибесіне негізделген жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік беретінін, азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау жөніндегі норма алғаш рет енгізілгені атап өтілді. Осыған байланысты Аида Балаева министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу және жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану мәселесіне айрықша тоқталды. Премьер-министрдің орынбасары саланың бірыңғай әрі кешенді цифрлық даму стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алқа отырысына қатысушылар мәдениет саласын дамыту, креативті индустрияларды жүйелі қолдау, ақпараттық саясатты жетілдіру, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тиімді іске асыру мәселелерін талқылады.
Жиынды қорытындылаған Аида Балаева әріптестеріне атқарылған нәтижелі жұмыс үшін ризашылығын білдіріп, әр бағытта нақты бастамалар көтеріп, жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды. Үкімет басшысының орынбасары ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді және қойылған міндеттердің сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:01, 16 сәуір 2026
Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
-
22:57, 16 сәуір 2026
Алматыда толассыз жауын-шашынға байланысты қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
-
22:26, 16 сәуір 2026
Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД
-
21:42, 16 сәуір 2026
Жамбыл облысында оқушы өзіне қол жұмсаған: үш адам сотталды
-
21:08, 16 сәуір 2026
Шымкентте шенеуніктер 1,7 млрд теңге негізсіз жұмсамақ болған





