Алматыдағы ойын-сауық орнында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының Алмалы ауданындағы ойын-сауық орындарының бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған мекемеге келушілердің бірінің азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзуы салдарынан оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Қызметтік міндеттерін атқару барысында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған азамат оларға қарсылық көрсеткен.
Құқық бұзушы Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жиналған материалдардың нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету — бұл жай ғана тәртіп бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет. Полицияның барлық заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс. Мұндай фактілерге қағидатты құқықтық баға беріледі", — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Алматы қаласының полициясы азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:09, 17 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюталар бағамы
-
10:46, 17 сәуір 2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер айналымында заңбұзушылықтарды анықтады
-
10:29, 17 сәуір 2026
1000-нан астам тауар түрі: Алматыдағы фермерлік жәрмеңкелердің жаңа маусымы басталды
-
10:11, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жер телімдері бойынша электронды сауда-саттық өткізу қағидалары өзгерді
-
09:56, 17 сәуір 2026
Алматыда полиция қызды қағып кеткен самокат жүргізушілерін іздестіріп жатыр





