Ресейде кепілге алынған тергеу изоляторы қызметкерлері босатылды – қаза тапқандар бар

14:50, 16 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

Ресейдің Федералды жазаларды орындау қызметі Ростов облысында тергеу изоляторында екі адамды кепілге алған қылмыскерлердің көзін жойды деп хабарлады Zakon.kz.

"Ресейдің Ростов облысындағы №1 тергеу изоляторында кепілге алынған адамдарды босату бойынша жүргізілген арнайы операция барысында қылмыскерлердің көзі жойылды, кепілге алынған қызметкерлер босатылды, олардың арасында зардап шеккендер жоқ", – деп жазады ресейлік БАҚ РФ жазаларды орындау қызметіне сілтеме жасай отырып.

RT дереккөзінің хабарлауынша, екі содырдың көзі жойылды, тағы төртеуі жараланды, ал кепілге алынған адамдар тірі.

Бұған дейін РИА Новости тергеу изоляторында оқ атылғанын, ондағы тұтқындар екі қызметкерді кепілге алғанын хабарлаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!