Шығыс Қазақстан облысында негізсіз ақталған тұрғынның үкімі өзгертілді

17:20, 7 қараша 2024

© Сурет: Zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары заңсыз ақтау үкімін бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық қудалау органымен бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған азамат Б. көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған. Алайда қылмыс құрамының белгілері мен іс бойынша жиналған дәлелдерге қарамастан, Самар аудандық сотымен сотталушы Б. негізсіз ақталған.

2024 жылғы 23 қазанда Самар ауданы прокурорының апелляциялық өтінішхаты бойынша Шығыс Қазақстан облыстық соты бірінші саты сотының үкімін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарып, Б.-ны кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырды.

Облыс прокуратурасы көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!