Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин жеткізуді сұрады ма – министр Ақкенженов жауап берді
© Фото: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында Ресейге бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер Энергетика министрлігінің басшысынан Ресей тарапы Қазақстанға жанармай жеткізу туралы өтінішпен жүгінді ме және 50 мың тонна бензин жеткізілуі мүмкін деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.
"Ресей тарапынан бізге ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Мұны тағы да қайталап айтамын, – деді Ерлан Ақкенженов.
Сондай-ақ министрден Ресей тарапынан мұндай өтініш түскен жағдайда Қазақстан жанармай жеткізу мүмкіндігін қарастыра ма деген сауал қойылды.
Оның айтуынша, егер тиісті өтініш келіп түссе, ол белгіленген тәртіппен қаралатын болады.
Бұған дейін Қазақстанда Қытайдан бензинді кедендік бажсыз әкелуге рұқсат берілуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:25, 26 маусым 2026
Ұлттық банк басшысы теңге банкноттарының не үшін кішірейтілгенін түсіндірді
-
12:13, 26 маусым 2026
Мектептерде смартфон қолданудың жаңа тәртібі әзірленіп жатыр
-
12:04, 26 маусым 2026
Қазақстандықтарға жалған айыппұл туралы SMS-хабарламаларға сенбеуге кеңес берілді
-
11:55, 26 маусым 2026
Алдағы демалыс күндері бұршақ пен нөсер жауын жауып, кей өңірлерде аптап ыстық +40 градусқа дейін жетеді
-
11:46, 26 маусым 2026
26 маусымдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы





