Рекорд: марафоншылар Астанадан Ақтауға дейін жүгіріп барды
© Сурет: видео скрині
Астанадан шыққан ультрамарафоншылар 8 мың шақырымды жүгіріп өтіп, Ақтауға жетті. Олардың бұл нәтижесі Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, Астанадан бір ай бұрын шыққан марафоншылар Ақтауға жеткенше Қазақстанның 20-ға жуық қаласы мен 100-ден аса елді мекенінен өткен. Марафоншылардың әрқайсы қымбат төрт-бес аяқ киім тоздырған.
Nomad run жобасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған. Бес адамнан құралған марафоншылардың ең кішісі 33, ал ең үлкені 55 жаста.
Команда мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта Меккеге дейін жүгіріп баруды жоспарлап отыр. Жоба мақсаты – халық арасында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау.
"Бір ғана аяқ киім қалды. Міне, бұл да тозды. Желініп қалады. Асфальт жеп қояды. Мынаны 85 мыңға алып отырдық. Жүгіруге 30 күн кетті. Бәріміз аман-сау жеттік. Қасыма ерген командаға рақмет айтамын! Қолдаушымызға көп-көп рақмет! Халықтың арқасында білінбеді. Осында жеткенше халық қолдап келді".Nomad run ультрамарафоншылар жобасының қатысушысы Меңдібай Әлімғазин
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





