Реформалардың айқын көрінісі – Тоқаев қоғамда жаңа идеялар жаңа тұлғалар пайда болып жатқанын айтты
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент бүгінде әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес екенін айтты.
"Біз биік мақсаттарға ұмтылып, тек қана алға – жарқын болашаққа қарай жүруіміз керек. Келешекке зор сеніммен қарап, Қазақстанды шын мәнінде өркениетті мемлекетке айналдыруымыз қажет. Қазір біз бір ел болып жасампаздық жолына түстік: қоғамымызда жаңа идеялар, жаңа тұлғалар, отаншыл азаматтардың жаңа буыны пайда болуда. Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай игі үрдісті қолдаймын. Мұны ел ішінде жасалып жатқан реформалардың айқын көрінісі деп санаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның айтуынша, халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл – елдің табысты дамуының бірден-бір шарты, тиімді әрі ұзақмерзімді факторы.
"Реформалардың бастапқы кезеңінде еліміздегі көзі ашық және прогрессивті қоғамдық-саяси күштер жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар аясында бірігуі қажет деп санаймын. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілігімізді нығайту ісінде табысқа жете аламыз". Мемлекет басшысы
Бұған дейін президент біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын ашқанымызды айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:08, 4 маусым 2026
Нұрай Серікбайдың ісі: ІІМ тергеудің аяқталу мерзімін атады
-
15:54, 4 маусым 2026
Доллар бағамы 4 маусымдағы саудада төмендеді
-
15:38, 4 маусым 2026
Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
-
15:25, 4 маусым 2026
Астана-Қарағанды тасжолының учаскесі бір айға жабылады: жүргізушілерге айналып өту ұсынылды
-
14:53, 4 маусым 2026
Шымкентте ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен күдікті ұсталды





