Референдумның алдын ала қорытындысы: 8 миллионға жуық қазақстандық жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 16 наурызда өткен брифингте ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 15 наурыз күні Астана уақытымен сағат 20:00-де дауыс беру учаскелері жабылған сәтке дейін референдумға 9 127 192 адам қатысқан.
Оның айтуынша, учаскелер жабылғаннан кейін бірден елдің барлық өңірлеріндегі және шетелдегі 10388 учаскеде дауыстарды санау басталды.
"Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешімді қолдап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 адамды құрады немесе 87,15 пайыз", – деді Нұрлан Әбдіров.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Осылайша, дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқандықтан, референдум өтті деп есептеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:13, 16 наурыз 2026
Қарағандыда қызметтік иттің көмегімен «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді
-
13:04, 16 наурыз 2026
Түркістан облысында мал ұрлығын жасаған күдікті құрықталды
-
12:42, 16 наурыз 2026
Павлодар облысында заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары тәркіленді
-
12:34, 16 наурыз 2026
Тимур Бекмамбетовтың фильмі мен Сильвестр Сталлоненің қызы Голливудтағы «ең нашарлар» тізіміне енді
-
12:28, 16 наурыз 2026
Алматыдағы Назарбаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі





