Түркістан облысында мал ұрлығын жасаған күдікті құрықталды
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында ер адам өзгенің қорасынан бірнеше қойды ұрлап, сатып жіберген.
Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын бірнеше қойының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. Келтірілген шығын шамамен 300 мың теңгені құрады.
Тәртіп сақшылары жедел түрде іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде полицейлер күдікті жас жігітті анықтап, ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта жәбірленушінің қорасына жасырын кіріп, қойларды ұрлап кеткен. Кейін ол малды сатып, түскен ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсаған.
Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:09, 16 қыркүйек 2026
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты
-
19:55, 16 қыркүйек 2026
Грузияда рұқсатсыз жұмыс істеген жағдайда Қазақстан азаматтары елден қуылуы мүмкін
-
19:40, 16 қыркүйек 2026
БЖЗҚ-дағы ақшаны басқарушы компанияға шығарып алуға болады. Сарапшы кейбір кедергілер туралы айтты
-
19:17, 16 қыркүйек 2026
Абай облысында дала өртенді
-
19:09, 16 қыркүйек 2026
Ақтөбе облысында қарасора плантациясының иесі ұсталды





