Тимур Бекмамбетовтың фильмі мен Сильвестр Сталлоненің қызы Голливудтағы «ең нашарлар» тізіміне енді
© Сурет: pixabay
Продюсер Тимур Бекмамбетов түсірген "Война миров" фильмі мен Скарлет Роуз Сталлоне "Золотая малина-2026" антисыйлығының лауреаттары атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәстүр бойынша, Оскар сыйлығын табыстау рәсімінің алдында Голливудтағы ең сәтсіз жұмыстарды атап өтетін "Золотая малина" антисыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Солардың қатарында Тимур Бекмамбетов продюсерлік еткен "Война миров" фильмі де бар.
Бұл картина бірден бес номинация бойынша "жеңімпаз" атанды:
- "Ең нашар фильм"
- "Ең нашар режиссер"
- "Ең нашар актер" – Айс Кьюб
- "Ең нашар сценарий"
- "Ең нашар приквел, ремейк немесе рип-офф"
Ал "Ең нашар актриса" атағы Ребел Уилсонға берілді. Сильвестр Сталлоненың қызы Скарлет Роуз Сталлоне "Стрелки" фильміндегі рөлі үшін "Ең нашар екінші пландағы актриса" деп танылды.
Сондай-ақ "Белоснежка" фильміндегі компьютерлік гномдар "Ең нашар екінші пландағы актерлер" атанды.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Испания жағалауын қазақ ауылына айналдырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:58, 16 наурыз 2026
Қазақстанда референдум қалай өтті - ТМД бақылаушыларының пікірі
-
13:44, 16 наурыз 2026
ІІМ 15 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр
-
13:33, 16 наурыз 2026
Еліміздегі су қоймаларынан су ағызу жүргізілуде
-
13:28, 16 наурыз 2026
«Ата-анаңның үмітісің»: Жұлдыз Әбдікәрімова желіні жазбасымен сүйсіндірді
-
13:13, 16 наурыз 2026
Қарағандыда қызметтік иттің көмегімен «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді





