«Қазақстандағы учаскелерде бәрі жан-жақты ойластырылған»: шетелдік сарапшылар референдум туралы пікір білдірді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әзербайжан мен Арменияның Орталық сайлау комиссияларының төрағалары Қазақстанның референдумға дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанға халықаралық миссия құрамында келген Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян Қазақстандағы жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдум туралы әсерімен бөлісті.
"Біз үшін ең бастысы – басқа елдерде сайлау мен референдумдардың қалай ұйымдастырылатынын көру. Бір-біріміздің тәжірибемізді зерттейміз, қандай тәжірибелерді өзімізге қолдануға болатынын қарастырамыз. Бұл – достық негіздегі тәжірибе алмасу", – деді ол.
Бақылаушының айтуынша, оны әсіресе сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуы ерекше қызықтырған.
"Мен барған барлық учаскелерде мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба және азаматтарға арналған ақпараттық бұрыштар толық қойылған. Арменияда мұндай бұрыштар мектептерде бар, ал мұнда олардың қалай жүйелі түрде ұйымдастырылғанын көрдім. Бұл біз үшін өте қызықты әрі пайдалы тәжірибе", – деді Ваагн Овакимян.

Сурет: Армения ОСК
Сондай-ақ ол дауыс беру барысының тыныш әрі реттелген жағдайда өтіп жатқанын атап өтті.
"Процесс бірқалыпты өтуде, азаматтар еркін әрі сенімді түрде дауыс беріп жатыр. Барлығы әр адамның дауыс беруіне жеңіл әрі ыңғайлы болатындай ұйымдастырылған. Бұл үдерісті бақылау – үйренуге және тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік. Біз үшін бұл – референдумды жоғары деңгейде ұйымдастырып, азаматтарға құрметпен өткізудің маңызды үлгісі. Қазақстанға бейбітшілік, бірлік және тұрақты даму тілеймін", – деді Армения ОСК төрағасы.
Ал Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралаған. Ол референдумның өту барысын жеке бақылап жүргенін айтты.

Сурет: Әзірбайжан ОСК
"Дауыс беру жоғары деңгейде өтіп жатыр: барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, санитарлық және техникалық талаптар сақталған, ал дауыс беру процесі тыныш әрі тәртіппен ұйымдастырылған", – деді Мазаир Панахов.
Сайлау учаскелерінде жүрген бақылаушылар да ұйымдастыру жұмыстарының нақты әрі жоғары деңгейде екенін атап өтті. Олардың айтуынша, барлық техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бақылауда, бұл азаматтардың өз дауыс беру құқығын қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 16 сәуір 2026
Екібастұзда дәрігер мен медбике соққыға жығылды: Күдіктілер 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
-
13:09, 16 сәуір 2026
Бас прокуратура дабыл қақты: алаяқтар Қазақстандағы iPhone пайдаланушыларына жетті
-
12:55, 16 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
12:40, 16 сәуір 2026
Сенат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады
-
12:22, 16 сәуір 2026
Банктік шоттарды ашу және бұғаттау тәртібіне өзгерістер енгізілді





