Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды

11:43, 9 мамыр 2023

© Сурет: akorda

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астанадағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Парламент мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар соғыста жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің ерен ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.

Еске салайық, мұның алдында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!