Рақымжан Ерназар ҚР Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметке ие болды
© Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Ерназар ҚР Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметке ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, Рақымжан Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды". Ақорда
Бұл ретте, ол Айдын Құлсейітов қызметінен кетті.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов:
1976 жылы Өскемен қаласында туған.
1997 жылы – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған.
Техника ғылымдарының кандидаты.
1996-2000 жылдары – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2000-2003 жылдары – Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.
2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық – Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2009-2014 жылдары – "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік").
2014-2017 жылдары – "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ-ның басқарма төрағасы.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.
2019-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы 20 шілдеде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2014).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 5 сәуір 2025
Қазақстанда медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу басталды
-
13:00, 5 сәуір 2025
Павлодар облысындағы дала өртін 220 адам сөндірді
-
12:43, 5 сәуір 2025
Атырауда 80 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған интернет-алаяқ ұсталды
-
12:10, 5 сәуір 2025
Павлодарлық прокурорлар мемлекеттік тұрғын үйді бөлген кезде заң бұзушылықтарды анықтады
-
12:10, 5 сәуір 2025
Павлодарлық прокурорлар мемлекеттік тұрғын үйдібөлген кезде заң бұзушылықтарды анықтады
Танымал жаңалықтар
-
15:04, 4 сәуір 2025
-
15:34, 4 сәуір 2025
-
17:08, 4 сәуір 2025
-
19:24, 4 сәуір 2025
-
18:06, 4 сәуір 2025
-
21:22, 4 сәуір 2025
-
16:45, 4 сәуір 2025
-
21:06, 4 сәуір 2025
-
17:45, 4 сәуір 2025
-
22:00, 4 сәуір 2025
-
16:57, 4 сәуір 2025
-
19:54, 4 сәуір 2025
-
22:51, 4 сәуір 2025
-
19:01, 4 сәуір 2025
-
18:06, 4 сәуір 2025