Президенттің Өзбекстанға ресми сапары аяқталды

16:57, 4 сәуір 2025

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президентінің "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті аясында жоспарланған іс-шаралары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Самарқанд әуежайынан Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов шығарып салды.

Сурет: akorda.kz

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 4 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінде сөз сөйледі.

Ақорда берген ақпаратқа сүйенсек, алдымен президент ерекше қонақжайлық көрсеткен және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым ниет танытқаны үшін Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаға, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенге және Орталық Азия елдерінің басшыларына шынайы ризашылығын білдірді.

Қазақстан Президенті геосаяси дүрбелеңдер мен жаһандық сын-қатерлер белең алған кезеңде Орталық Азия мен Еуропа Одағы арасындағы ықпалдастықтың өзектілігі арта түскеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Еуропа Одағының келешектегі күн тәртібіне қатысты өз ойын ортаға салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!