Рахат Бралин Ыстамбұлдағы турнирде үздік үштікті түйіндеді

09:08, 3 желтоқсан 2023

© Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Рахат Бралин Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Bosphorus Cup-2023 додасында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қос жаттығудың нәтижесінде 203.40 ұпай жинады.

Алтын әзербайжандық спортшы Владимир Литвинцевтің (221.10 ұпай) еншісінде.

Одан кейінгі сатыға Түркия спортшысы Бурак Демирбога (211.02 ұпай) жайғасты.

Бұл жарысқа барлығы 34 мемлекеттен 193 атлет жиналды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!