Путинцева Қазақстанға Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алып берді
© Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдаманы ресми түрде иеленді. Канада командасына қарсы тартысты бәсекедегі шешуші ұпайды Юлия Путинцева еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол тарихи матчта US Open турнирінің экс-чемпионы Бьянка Андреескуды жеңді. Матч есебі: 7:6 (7:5), 3:6, 7:6 (7:4). Қос құрама көшбасшыларының кездесуі 3 сағат 39 минутқа созылып, нағыз теннис триллеріне айналды. Бұл ойын екі теннисшінің де кәсіби мансабындағы ең ұзаққа созылған матч ретінде тарихқа енді.
Бьянка Андрееску кортқа жұптық сыннан кейін бірден шыққанына қарамастан, айтарлықтай қарсылық көрсетті. Бұл бәсеке төзімділік сыналған шахмат партиясын еске түсірді: әрбір гейм ұзаққа созылған ұтыстармен өтіп, жеңіс таразысы соңғы сетке дейін ауытқып тұрды. Шешуші сәттерде Юлия Путинцева темірдей тәртіп пен физикалық төзімділік танытып, жанкүйерлердің зор қолдауымен қарсыласын қапы қалдырды.
Енді ұлттық құрама жылдың басты додасына дайындалады. Әлемнің ең үздік 8 командасы бақ сынайтын Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі 2026 жылдың күзінде Қытайда өтеді.
Қазақстан – Канада матчының нәтижелері (3:1):
- Юлия Путинцева – Кайла Кросс – 6:3, 7:5;
- Соня Жиенбаева – Бьянка Андрееску – 4:6, 6:7;
- Анна Данилина / Жібек Құламбаева – Бьянка Андрееску / Кайла Кросс – 7:5, 6:1;
- Юлия Путинцева – Бьянка Андрееску – 7:6, 3:6, 7:6.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 30 мамыр 2026
Жапонияда Азия қазақтарының ІІІ құрылтайы өтті
-
17:19, 30 мамыр 2026
«Аптап ыстық, бұршақ, тұман». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 30 мамыр 2026
ДСМ педиатриялық көмектің гибридті моделін енгізуді қарастыруда
-
16:39, 30 мамыр 2026
Қазақстанда сирек кездесетін жылқылар далаға жіберілді
-
15:55, 30 мамыр 2026
Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды





