Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли маңызды ақпаратпен бөлісті

21:12, 30 желтоқсан 2024

© Фото: zakon.kz

2025 жылдың 3 қаңтар күні "Ана тілі" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Бұл ақпаратпен 2024 жылы 30 желтоқсанда президенттің көмекшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2025 жылдың 3 қаңтар күні "Ана тілі" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды", деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!