Президент жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Абай – рухани реформатор" атты мақаласында елімізде абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығының жұмысын жүйелеп, елордамыздағы Абай академиясының төңірегіне топтастыру керек екенін айтты, деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.
"Академия барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде "Абайтану" курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың "толық адам" ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керектігін де баса айтты.
"Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!", - деген Мемлекет басшысы қазақ халқын Ұлы ақынның торқалы тойымен құттықтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:49, 26 сәуір 2024
Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті
-
19:30, 26 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
-
19:12, 26 сәуір 2024
«Айбын» орденіне Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері берілді
-
18:43, 26 сәуір 2024
Қызылорда облысында «Жасыл аймақ» апталығы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті