Блогер Жанәбілов жұбайымен жанжалдан кейін сотқа тартылды: іс немен аяқталды

18:55, 1 қазан 2026
MKZ: 1570000

© Фото: zakon.kz

Қазақстандық танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың отбасында жанжал болып, іс сотқа дейін жетті. Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты бұл іске қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қазанда блогер Жанабыловқа қатысты әкімшілік іс жабық сот отырысында қаралған. Оған отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекет жасады деген айып тағылған. Іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды.

Оқиға бір күн бұрын, 30 қыркүйекте болған. Іс материалдарына сәйкес, блогер үйінде жанжал шығарып, жұбайын қолынан ұстаған. Осы әрекетімен оның тыныштығын бұзған.

Іс бойынша дәлелдердің бірі — әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба.

Сот хабарламасында:

"Сот отырысында Ж. хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады, құқық бұзушылық жасағанын мойындады және жоғарыда аталған әрекеттердің барлығын растады. Сондай-ақ тараптардың іс материалдарына қоса тіркелген жазбаша татуласу келісімі арқылы жұбайымен татуласуға ниетті екенін білдірді", – делінген.

Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегенова өз кезегінде күйеуі өзін ұрмағанын, олардың арасында тек сөзге келіспеушілік болғанын айтты. Ол татуласу туралы келісімге ешқандай қысымсыз, өз еркімен қол қойғанын да растады.

Сот құқық бұзушылықтың алғаш рет жасалғанын, істі ауырлататын мән-жайлардың болмағанын және тараптардың татуласқанын ескере отырып, іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!