Ұлттық экономика министрлігінің жаңа функциялары пайда болды

16:41, 2 қазан 2026
MKZ: 1570176

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, министрліктің функциялары бірқатар жаңа міндеттермен толықтырылды:

  • мемлекеттік қатысуы бар, кредиттік рейтингі болуы міндетті заңды тұлғаларды айқындау критерийлерін әзірлеу (2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі);
  • мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын индекстеу қағидаларын әзірлеу;
  • республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ҚР мемлекеттік органдары қызметкерлерінің бонустарын, сыйлықақыларын төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттарын әзірлеу;
  • мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы бекіту;
  • мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртібі қағидаларын бекіту;
  • қызметтік куәлік беру тәртібі мен оның сипаттамасын бекіту;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік қызмет енгізілгеннен кейін оны ҚР заңнамасына сәйкес цифрлық форматқа ауыстыру шараларын цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы қабылдау;
  • өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету тәртібін реттейтін ҚР заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру;
  • мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді проактивті, композиттік және эксаумақтық форматта көрсетуге ауыстыру шараларын қабылдау.

Сонымен қатар кейбір функциялар жаңа редакцияда жазылды:

  • цифрлық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және отандық өндіріс критерийлерін келісу;
  • цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықпен автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттардың тізбесін бекіту;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардағы қайшылықтар мен олқылықтарды жою;
  • ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті цифрлық және проактивті форматқа ауыстыруды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік реттеу немесе басқару жүзеге асырылатын салалардағы әлеуметтік жауапты қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • цифрландыру саласында басшылық ететін орталық уәкілетті органмен бірлесіп, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-серіктестер тізілімімен интеграциялануы тиіс цифрландыру объектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту.

Министрліктің бірінші басшысы мен аппарат басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері де нақтыланды. Министр:

  • министрлік ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • министр орынбасарларын, министрлік аппарат басшысын және министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын (астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Сонымен бірге ереже министрлік аппарат басшысының мынадай өкілеттіктерімен толықтырылды:

  • министрлікке жүктелген міндеттердің іске асырылуын ұйымдастырады;
  • өз құзыреті шегінде министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
  • министрліктің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
  • министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген штат саны лимиті шегінде министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді;
  • министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың (органдардың) құзыретіне заңнамаға сәйкес жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік орган аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы үлгілік біліктілік талаптары негізінде министрліктің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
  • министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылық жасайды;
  • қызметтік тәртіптің сақталуын бақылайды;
  • жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың (органдардың) құзыретіне заңнамаға сәйкес жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
  • министрлік мемлекеттік қызметшілерінің іссапарға жіберілуі, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
  • министрліктің мемлекеттік сатып алу саласына жалпы басшылық жасайды және министрліктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
  • өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы республика заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік өтінімді министрліктің бірінші басшысына ұсынады және бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындайды;
  • министрліктің бірінші басшысы мен оның орынбасарлары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
  • жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдайды; ҚР заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!