Президент үш өңірдегі облыстық сот төрағаларын жаңадан тағайындады

19:00, 19 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 сәуірде Жарлық ете отырып, үш өңірдегі облыстық сот судьяларын жаңадан тағайындады, сондай-ақ Әскери соттың төрағасы да ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Жарлығымен Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне Ербол Рахымбеков тағайындалды. Оның орнын алдында Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған Әділхан Шайхисламұлы басты.

Президент Жарлығымен Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Түркістан облыстық сотының төрағасы қызметіне Айдос Сұлтанов тағайындалды.

Сондай-ақ ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы қызметіне Ғалымжан Нәсірдінов тағайындалды.

Тоқаев Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Талғат Ибрашевты тағайындады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Рахметуллина Назгүл Мәуілханқызы тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!