Димаш Құдайберген өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында сұхбат берді

09:26, 2 мамыр 2024

© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің 30 жылдығына орай түрік басылымына шағын эксклюзивті сұхбат бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Instagram-да жазды.

"Стамбулдағы 30 жылдық мерейтойлық үлкен жеке концертім қарсаңында түрік теледидары үшін шағын эксклюзивті сұхбат бердім. Толық сұхбатты менің YouTube арнамнан көре аласыз.",- делінген жазбада.

Сұхбатында Димаш өзінің мансабын қалай бастағанын, "Жас қанатқа" қатысқаннан кейінгі, артынша шетелде, атап айтқанда Қытайдағы "I' m a Singer" жобасына қатысқаннан кейін қалай танымал болғанын айтады.

Жанкүйерлер бейненің астына қолдау сөздерін жазып, оның Стамбулдағы үлкен концертін асыға күтетінін жарыса жазды.

Бұған дейін Димаш жанкүйерлерімен өзінің жаңа әніне арналған клиппен бөлісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!