Батыс Қазақстанда тұруға жарамсыз үйлер бұзылып жатыр

09:20, 2 мамыр 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында Жайықтың суы бір тәулікте 34 см-ге көтерілді. Қазір өзен арнасы 715 см-ге жетті. Қауіпті деңгей - 8,5 метр. Ал Теректі ауданында тасқын салдарынан тұруға жарамсыз деп танылған үйлер бұзылып жатыр.

Құлаған үйлердің орнына үш бөлмелі жаңа баспана салынады. Аудандық комиссия қорытындысымен әзірге техникалық тексерістен өткен 81 үй тұруға жарамсыз деп танылды.

Тасқынның бірінші кезеңінде, яғни еріген қпр суынан аудандағы Аңқаты, Подстепный, Теректі ауылдарында 600-ден астам үй су астында қалған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Зардап шеккен тұрғындардан аудандық комиссияға әлі де өтініштер түсіп жатыр. Қарғын судан ең көп залал келген Подстепный ауылында дәл бүгін алғашқы үйлердің құрылысы басталды. Бұған бес мердігер компания тартылған.

Ал баспанасы тұруға жарамды, бірақ жөндеуді қажет ететін тұрғындарға бағалау қорытындысына сай өтемақы беріледі.

"Аңқаты ауылы бойынша - 24 үй, Подстепный ауылы бойынша - 56 үй, Теректі ауылы бойынша бір үй. Аңқаты ауылында жерге орналастыру және геологиялық жұмыстар басталды. Подстепныйда, өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай, құрылысқа дайындық жұмыстары басталды. Бүгін түстен кейін іргетасын қалау жұмысына кіріседі." Ерлан Амандықов, Теректі ауданы әкімінің орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!