Құлсарыда 300-ден астам жеке тұрғын үй әлі күнге су астында

08:59, 2 мамыр 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ Құлсарыда су айдау жұмыстары тәулік бойына жүргізіліп жатқанына қарамастан, бүгінде 300-ден астам жеке тұрғын үй әлі күнге су астында екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 мамырда Құлсарыда жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалардың көмегімен, су басқан аумақтардан 216 мың текше метрден астам су сорылғаны хабарланған.

ҚР ТЖМ құтқарушылары су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 2564 үйден 3 миллион текше метрден астам су сорған.

Айта кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр: кейінгі тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!