Президент Үкіметке инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуды тапсырды

12:23, 28 қазан 2026
MKZ: 1574739

© Фото: pexels

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытып, маман тапшылығын азайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аудару керектігін атап өтті.

"Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты президент Үкімет пен әкімдерге тиісті инфрақұрылымды дамыту міндетін жүктеді.


"Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет", – деді мемлекет басшысы.

Президент маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы жүйелі жүргізілуі керектігін жеткізді. Сондай-ақ осы жұмысқа "Қазақстан халқына" қорын белсенді атсалысуға шақырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!