Президент Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

11:26, 1 маусым 2020

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол құттықтау сөзін twitter-дегі парақшасында жариялады:

Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы, делінеді жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!