Президент ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тағайындады

09:53, 25 қыркүйек 2023

© Фото: zakon.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжаттар 2023 жылғы 25 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланған:

  • Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
  • Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!