Президент климаттық және техногендік ТЖ болжаудың өңірлік орталығын құру арқылы бірлесе жұмыс істеуді ұсынды
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттердің орнықты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторына айналғанына мән берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан мемлекеттік басқару, әлеуметтік сала мен азаматтардың тұрмыс-тіршілігін қамтитын цифрлық күн тәртібін жедел ілгерілетіп келеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, Цифрлық кодекс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аталған саладағы барлық бастама мен жобаны ұлттық стратегияға біріктіретін Цифрлық Қазақстан тұжырымдамалық құжаты әзірленуде.
Президент еліміз ТМД мемлекеттерімен осы саладағы ынтымақтастыққа ашық екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы жуырда елімізде жасанды интеллект саласына маманданған университет құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталды. Бұдан бөлек, 400 мың студентті қамтып, зерттеушілер командасы мен DeepTech стартаптарының қалыптасуына қолайлы жағдай жасайтын мемлекеттік бағдарлама табысты жүзеге асырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы жобаны кеңінен таратуды ұсынып, жаһандық нарықтағы қатаң бәсеке жағдайында жұмыс істеуге қабілетті мамандардың жаңа буынын даярлау мақсатында Қазақстанның Достастық елдерімен ынтымақтастық орнатуға әзір екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы экологиялық қауіп, табиғи және техногендік апаттар ТМД елдерінің орнықты дамуына зор қатер төндіреді деп санайды. Президенттің айтуынша, мұндай жағдайларды ерте бастан анықтаудың және ескертудің тиімді тетіктерін қарастыру маңызды міндет.
"Климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құру арқылы бірлесе жұмыс істеуді ұсынамыз. Каспий теңізінің тез тартылып бара жатқаны зор алаңдаушылық туғызып отыр. Негізі, бұл – өңірлік қана емес, жаһандық проблема. Сондықтан біздің бастамамызбен әзірленіп жатқан Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламаға қосылуды ұсынамыз. Мұндай маңызды құжатты дайындауға Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен бірге барлық мүдделі мемлекеттер және халықаралық ұйымдар тартылуға тиіс", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 19 сәуір 2026
Дәуірдің үніне айналған қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұхтар Шаханов өмірден өтті
-
17:47, 19 сәуір 2026
Елена Рыбакина Штутгартта чемпион атанып, Porsche көлігін иеленді
-
17:25, 19 сәуір 2026
Ұйытқыған жел, найзағай мен шаңды дауыл: 20 сәуірде Қазақстан бойынша 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
16:56, 19 сәуір 2026
Алматыдағы марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты
-
16:25, 19 сәуір 2026
Сыр өңірінде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті





