Президент: Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында таланттар мен технологиялар үшін жаһандық бәсеке күшейгенін айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай жағдайда Қазақстан адам капиталын дамытуға басымдық береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент елдің әлемдегі орнын енді оның зияткерлік әлеуеті мен инновациялық қабілеті айқындайтынын атап өтті.
"Осындай заманда Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады. Яғни, біз, ең алдымен, отандық және шетелдік білікті маманды жоғары бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл таңдаудың жаңа Конституцияда да көрініс тапқанын айтты.
"Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны ұлтымыздың келешек дамуының стратегиялық діңгегі ретінде бекіттік", – деді Президент.
Тоқаев форумға қатысқан ғылыми қауым өкілдері, университет басшылары мен халықаралық серіктестер Қазақстанның жаңа стратегиясын мұқият зерделеп, оның жаңашыл рухын лайықты бағалайтынына сенім білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 19 қараша 2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс» Қазақстанның мызғымас қағидаты, жалпыұлттық ұраны болуға тиіс – Президент
-
13:30, 19 қараша 2026
Қазақстанда 11 мемлекеттің жетекші университеттері өз филиалдарын ашты
-
13:29, 19 қараша 2026
Тоқаев: Біздің стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру
-
13:21, 19 қараша 2026
Қазақстанда білім беру гранттарына бөлінген қаржы жеті жылда екі есе өсті
-
13:14, 19 қараша 2026
Қазақстанда жеті жылда 625 өндіріс орны ашылып, 3,6 млн адам жұмыспен қамтылды – Тоқаев





