Премьер-министр астықты айдың соңына дейін жинап алуды тапсырды

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында егін жинау науқанына қатысты мәселелер қаралды. Премьер-министр егін жинау науқанының барысы үкіметтің тұрақты бақылауында екенін айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, биыл еліміздің егіншілері үшін қолайсыз болды. Жаздың 2 айындағы аптап ыстықтың соңы күзгі жауын-шашынға ұласты. Бұл әрине, астықтың түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жіберді. Дегенмен егін жинау науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажет шара қабылданды. Астықты өңірлерде осы айдың соңына дейін қатты жаңбыр жауады деген болжам жоқ. Сондықтан осы мерзімде барынша үлгеріп қалу керек", — деді Әлихан Смайылов.
Ол еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты мемлекет басшысы үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қажет көмек көрсетуді тапсырғанын еске салды.
"Энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша көлемде дизель отынын бөледі. "Бәйтерек" холдингі несиелер бойынша қарыздарды қайта құрылымдап, қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен фермерлер үшін айыппұл санкцияларын салмай, Азық-түлік корпорациясының желісі арқылы тауарлық несие мерзімдерін ұзартып отыр. Ауа-райының қолайсыздығы форс-мажорлық жағдай ретінде танылуы тиіс. Субсидияларды толық көлемде төлеу керек", — деп атап өтті премьер-министр.
Сонымен қатар премьер-министр астық таситын вагондармен уақытылы қамтамасыз етіп, теміржолдағы ұзын-сонар кезекті болдырмауды талап етті.
"Біздің міндетіміз – егінді сапалы жинап алуды қамтамасыз ету", — деп түйіндеді ол сөзін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 1 қазан 2023
Теракт жасауға әрекеттену: Анкарада Түркия ІІМ ғимараты маңында жарылыс болды
-
13:10, 1 қазан 2023
Азиада-2022: Қазақстан балуаны Бекәділ Шаймерденов күміс медаль иеленді
-
12:58, 1 қазан 2023
Таулы Қарабаққа БҰҰ миссиясы келіп жетті
-
12:37, 1 қазан 2023
Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды
-
12:04, 1 қазан 2023
Атырау мұнай өңдеу зауыты отын өндірісін уақытша тоқтатты