Конституциялық Сот ҚПК-дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды
© Фото: Zakon.kz
Конституциялық Сот Қылмыстық-процестік кодекстің (ҚПК) 136-бабы бірінші бөлігінің, 140-бабы төртінші бөлігінің, 153-бабы бірінші бөлігінің және 342-бабы бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініштерді қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған қағидалар азаматтардың бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері мен тәртібін, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде сотталушыны күзетпен ұстау мерзімдерін регламенттейді.
Азаматтар адамның жеке басының бостандығын күзетпен ұстау немесе үйқамақ түрінде қайта шектеу туралы өтініштерді соттар қараған кезде мерзімдерді есептеу жөніндегі қолданыстағы нормалардың конституциялылығы мәселесін көтерген.
Өтініштің мән-жайы
Мәселен, бірінші өтініш заңда белгіленген мерзім өткеннен кейін күзетпен ұстау мерзімін ұзарту жайында (іс сотқа келіп түскен күннен бастап есептелетін алты ай мерзімді сот өтіп кеткеннен кейін ұзартқан).
Екінші жағдайда күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленген он екі ай мерзімнің өтуіне байланысты сот шешімімен үйқамаққа өзгертіліп, тағайындалған бұлтартпау шарасы күзетпен ұстауға өзгертілуі мүмкін деп белгіленген.
Конституциялық Соттың ұстанымы
Азаматтар дау айтып отырған нормаларды тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Конституцияда әркімнің жеке басының бостандығы құқығына кепілдік беріліп, заңда көзделген жағдайларда ғана қамаққа алуға және күзетпен ұстауға жол беріледі, бұл заңда бостандықты осылай шектеудің негіздері ғана емес, шекті мерзімдері де белгіленуге тиіс дегенді білдіреді деп атап өтті.
Сотталушыны күзетпен ұстаудың заңда көзделген мерзімінен кез келген артық ұстау осы конституциялық құқықты бұзады және құқықтық айқындылық қағидатына сәйкес келмейді.
Конституциялық Соттың қорытындылары
Қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Қылмыстық-процестік кодекстің 342-бабының үшінші бөлігін "осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін" деген сөздер бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деп танып, басқа қаралған нормалар бойынша сотталушыны осы Кодексте көзделген шекті жол берілетін мерзімнен артық мерзімге он екі ай мерзім өткеннен кейін қайтадан күзетпен ұстауға жол берілмейді деп түсіндірме берді.
Сонымен бірге, Үкіметке қабылданған қорытынды шешім жарияланғаннан күннен бастап алты айдан кешіктірмей қылмыстық-процестік заңнаманы Конституциялық Соттың осы қорытынды шешімдегі ұстанымдарына сәйкес келтіру ұсынылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:40, 11 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары – 11 маусым
-
11:25, 11 маусым 2026
Сенат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара режимі туралы келісімді ратификациялады
-
11:13, 11 маусым 2026
Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады
-
10:58, 11 маусым 2026
Алматыдағы танымал базарлардың бірінде мыңдаған қауіпті жұмыртқа тәркіленді
-
10:43, 11 маусым 2026
ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады





