Астанада бейнебақылау камерасы халықаралық іздеудегі адамды «ұстап берді»
© Сурет: polisia.kz
Астанада бейнемониторинг жүйесі арқылы халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада полиция қызметінде цифрлық технологиялар белсенді қолданылып келеді. Соның бірі – тұлғаны тану функциясы бар бейнемониторинг жүйесі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүйе іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды жедел анықтауға, көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
"Бейнежүйе камераға түскен адамның кескінін ақпараттық базалардағы мәліметтермен автоматты түрде салыстырады. Іздеу тек фотосурет бойынша емес, адамның сыртқы белгілері – жынысы, жасы, сақалының болуы, көзілдірік, бетперде немесе бас киім тағуы сияқты ерекшеліктер арқылы да жүргізіледі", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар жүйе танылған адамның бейнебақылау камералары арқылы жүріп өткен бағытын бақылауға мүмкіндік береді.
Цифрлық технологияның тиімділігі нақты оқиғалардың бірінде байқалды. Бейнемониторинг барысында жүйе ұрлық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы ер адамды анықтаған.
Полиция қызметкерлері ақпаратты тексеріп, нәтижесінде күдіктіні ұстады.
Астана қаласының полиция департаменті заманауи бейнемониторинг жүйелерін енгізу қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, іздеуде жүрген адамдарды уақытылы анықтауға және полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:40, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық гимнастар Азиада-2026 ойындарындағы жарысын аяқтады
-
18:25, 22 қыркүйек 2026
Суперқосымшадан Kaspi AI-ға дейін: Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да не айтты
-
18:22, 22 қыркүйек 2026
Қазақстанда мемлекеттік мүлік нысандарының фотосы мен геолокациясы көрсетілген цифрлық профильдері жасалады
-
18:10, 22 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді
-
18:00, 22 қыркүйек 2026
23 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды





