Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды

17:05, 22 қыркүйек 2026
MKZ: 1568248

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз 4х100 метрге кешенді жүзу эстафетасында қашықтықты 3 минут 36 секундта бағындырып, төртінші орынға ие болды.

Осылайша ұлттық құрама жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Қытай жарыс жеңімпазы атанды – 3:27.89. Екінші орын Жапонияға бұйырды – 3:28.70. Оңтүстік Корея құрамасы үздік үштікті түйіндеді – 3:31.97.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!