Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған, жұртымыз үшін орны айрықша шаһар
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына жоғары баға берді.
Мемлекет басшысының айтуынша, облыстың қазіргі ахуалы жаман емес, алайда алда тұрған маңызды әрі өзекті міндеттерді толық орындау жергілікті атқарушы органдардың басты жауапкершілігі болып қала береді.
Президент облыс экономикасын күшейту үшін барлық қажетті жағдай мен мүмкіндік бар екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар басталған, енді олардың қарқынын бәсеңдетпеу қажет.
"Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті мен елдік мұраты тоғысқан қала. Бұл – ежелгі өркениеттің ізі қалған, тарихы терең шаһар. Шежірелі Тараздың жұртымыз үшін орны ерекше", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Тараздың екі мың жылдық тарихына тоқталып, Әулиеата жерінде мемлекеттігіміздің тұғыры нығайғанын, Қазақ хандығы осы өңірде құрылғанын атап өтті. Көне шаһардың тоғыз жолдың торабында орналасуы оның тарихи әрі стратегиялық маңызын арттыра түседі. Бүгінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің өңір арқылы өтуі Жамбыл облысының экономикалық әлеуетін күшейтіп отыр.
Сапар барысында Президент бірқатар нысандарды аралап, өңірдің даму жоспарымен танысты. Оның айтуынша, облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда, алайда бұл үдеріс үздіксіз жалғасуы тиіс.
"Биыл Жамбыл облысына шамамен 600 миллиард теңге инвестиция тартылды. 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге газ жеткізілді, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар соңғы үш жылда 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп, 41 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліп, елуге жуық спорт және мәдениет орталығы салынған.
Президенттің айтуынша, елдің қуатты болуы ең алдымен өңірлердің тұрақты дамуына тікелей байланысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 25 желтоқсан 2025
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді Ига Швентекке қарсы ойынмен бастайды
-
17:44, 25 желтоқсан 2025
Ұлттық Банк 500 теңгелік жаңа банкноттар айналымға шыққанын жариялады
-
17:23, 25 желтоқсан 2025
Құпия сөз орнына биометрия қолдану: Қазақстан киберқауіпсіздік ережелерін қатаңдатты
-
17:14, 25 желтоқсан 2025
СҚО-да мектеп директорының ұялы телефонынан педагогикалық ұжымға жалған хабарламалар тараған
-
17:00, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы: Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені





