Полиция Алматыда бұзақылықтың жиі тіркелетін уақыттары мен орындарын айтты

16:22, 17 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Өткен жылы Алматы полициясы бұзақылықтың 170 дерегін "ізін суытпай" ашты.

Сараптамаға сәйкес олар көбінесе қоғамдық орындарда жасалады.

Бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаһарда қоғамдық орындарда және ойын-сауық орындарында жедел-профилактикалық іс-шаралар, рейдтер ұдайы жүргізілуде, әсіресе мереке және демалыс күндері жаяу және патрульдік жасақтар қызметі күшейтілген.

Полиция қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 600-ден астам әскери қызметкері қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсене қатысуда.

Өткен жылы Алматы полициясы құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою шараларын қолдану туралы 441 ұйғарым шығарған. 161 кәсіпкерлік субъектісі мен 158 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!