Петропавлда тоғыз жастағы оқушы соғыс ардагерін ауруханаға түсірді
© Сурет: видео скрині
Петропавлда 99 жастағы соғыс ардагерін тоғыз жастағы оқушы қағып кетті. Қаланың қақ ортасында құлаған ақсақалдың сүйегі сынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, Василий Макиенко — Солтүстік Қазақстан өңіріндегі көзі тірі үш соғыс ардагерінің бірі. Күні кешеге дейін жүзге таяған қарт көшені жаяу аралап, саябақта серуендеп жүретін. Көше қиылысындағы бағдаршам тұсынан өтер сәтте тоғыз жасар қыз бала жүгіріп өтіп, қағып кетеді. Оқушы ардагерді "аңғармадым" деп ақталып отыр. Сүйегі сынған ақсақал ауруханада жатыр. Оның хал-жағдайын сұрап облыс әкімі де кіріп шыққан.
Қазір осы оқыс оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары тергеуді бастады.
"Тоғыз жасар оқушы жүгіріп бара жатып зейнеткерді байқамай қағып кеткен. Ер адам құлап, жарақат алған. Ауыр дене жарақатымен Василий Васильевич ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға қатысы бар барлық адамды, куәгерлерді анықтады. Тергеу жүріп жатыр".СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар
-
14:03, 20 желтоқсан 2025
Қар жауып, температура төмендейді: Алматыда алдағы күндері ауа райы бұзылады





