Петропавлда терезеден баласын лақтырмақ болған ер адам қара жұмысқа жегілетін болды
© Сурет: Zakon.kz
Петропавл қалалық сотында отбасылық жанжал кезінде жаңа туған сәбиін терезеден лақтырмақ болған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында сотталушы Ш. өз үйінде мас күйінде болғаны, бесінші қабаттағы пәтер терезесінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқаны анықталды. Оған ер адамның бірге тұрып жатқан әйелмен арадағы жанжал себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп, нәрестені терезеден лақытармын деп қорқытқан Ш-ның әрекетінің алдын алды.
Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.
"Петропавл қалалық соты Ш.-ға ҚР ҚК 115-бабының санкциясы бойынша ең жоғарғы жазаны белгіледі. Ер адам 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өтемақы өндіріліп алынды", делінген сот қаулысында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





