Петропавлда Honda Fit аялдамаға қойып кетіп, үш адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Петропавл қаласында көлік аялдама павильонына соғылып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 мамырда Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Honda Fit көлігімен Lifan маршруттық автобусымен соқтығысқан.
Салдарынан Honda Fit көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, Жамбыл көшесіндегі ішінде адамдар болған аялдама павильонына барып соғылған.
"Жедел жәрдем қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге үш адамды жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды. Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын-ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас болмаған. Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды". Петропавл қалалық ПД баспасөз қызметі
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





