Петропавлда досына ренжіген жасөспірім аялдаманың тас-талқанын шығарды
© Сурет: polisia.kz
Петропавл полицейлері аялдама павильонының шынысын сындырған бұзақыны анықтады. Ол қаладағы мектептердің бірінің 8-сынып оқушысы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгісіз адам 17 қыркүйекке қараған түні Жамбыл мен Партизанская көшелерінің қиылысына жақын тұрған павильонды сындырып кеткен. Бұл туралы полицияға қала тұрғындары хабарлады.
Түн ортасында Жамбыл көшесімен келе жатқан екі жасөспірімнің бірі павильонның шынысын аяғымен теуіп сындырып, кейін сол жерден қашып кеткен. Олардың бұл әрекеті Петропавл полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. № 4 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері 14 жастағы жасөспірімді анықтады.
Ол анасымен бірге учаскелік полиция пунктіне шақыртылып, бұл әрекетке не себепті барғанын айтып берді. Айтуынша, досы екеуінің арасында туындаған келіспеушілік салдарынан ашуын аялдамадан алған.
"Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы ("Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық") бойынша материал жиналды. Баптың санкциясы 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды салуды көздейді. Бұдан бөлек, сот кәмелетке толмаған баланың ата-анасын келтірілген шығынды өтеуге міндеттеуі мүмкін. Сондай-ақ олар кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта сыртта жүргені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды".Петропавл полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





